01.03.2021 |
![]() |
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес және М.С. Зәкіровтің міндеттерін атқарудан әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетіуне байланысты 2021 жылғы 10 ақпандағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мейрамбек Серікұлы Зәкіров Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2021 жылғы 25 ақпан,
№ 64/400