27.01.2021 |
![]() |
Атырау облыстық сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және С.Н. Ыдырысовтың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2021 жылғы 15 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саламат Нұрмұханұлы Ыдырысов Атырау облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Атырау облыстық мәслихаты мен Атырау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2021 жылғы 27 қаңтар,
№ 63/399