27.01.2021 |
![]() |
Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес Н.Н. Жұмағалиевтің және С.М. Успанованың өз міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2021 жылғы 20 қаңтардағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұрлан Нұрымжанұлы Жұмағалиев пен Светлана Мырзамұратқызы Оспанованы Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Ақтөбе облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2021 жылғы 27 қаңтар,
№ 63/397