| 08.01.2021 |
|
«Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаты куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 23/115 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына, 46-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаты куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 23/115 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
қосымша осы қаулыға қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төраға Б. Имашев
Хатшы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы
2021 жылғы 8 қаңтар
№ 60/394
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
