29.12.2020 |
![]() |
2021 жылғы 10 қаңтардағы Қырғыз Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылғы 10 қаңтардағы Қырғыз Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 29 желтоқсан,
№ 54/388