24.12.2020 |
![]() |
2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалған, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетені туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалған, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дайындалуға тиіс сайлау бюллетеньдерінің (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдері) саны, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің жалпы санының бір проценті резервін қоса, 509 (бес жүз тоғыз) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөнiндегi кандидаттарға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiнің мәтiні осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Сайлау бюллетенінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
4. Сайлау бюллетеньдерінің 2021 жылғы 9 қаңтардан кешіктірілмей, Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясына жеткізілуі қамтамасыз етілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.С. Мұстафинаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 24 желтоқсан,
№ 53/386