15.12.2020 |
![]() |
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату және тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына және 8-тармағына сәйкес және Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 08 желтоқсандағы № 1-19/248 хаты және Д.Ә. Жайшыбекованың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2020 жылғы 30 қарашадағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Динара Әмірханқызы Жайшыбекова Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Әбілқайыр Асқарұлы Боранбаев тағайындалсын.
3. Осы қаулы Жамбыл облыстық мәслихаты мен Жамбыл облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 15 желтоқсан,
№ 51/383