15.12.2020 |
![]() |
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы кезеңіне Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12-тармағына сәйкес, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 1-220 хаты негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізіміне енгізілген Б.Д. Қыстауовтың өкілеттігін тоқтата тұру кезеңіне Ұсқанбаев Бақтияр Темірполатұлы Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалсын.
2. Осы қаулы Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 15 желтоқсан,
№ 51/381