30.11.2020 |
![]() |
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы кезеңіне Атырау облыстық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабы 12-тармағына сәйкес, Атырау облыстық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 26 қарашадағы № 128 хаты негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Nur Otan» партиясы Атырау филиалының облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізіміне енгізілген С.Н. Ыдырысовтың өкілеттігін тоқтата тұру кезеңіне Вера Павловна Кузеняткина Атырау облыстық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалсын.
2. Осы қаулы Атырау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 30 қараша,
№ 42/366