15.12.2020 |
![]() |
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлаудың әрбір түрі бойынша есептен шығару куәлігінің түсі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары:
1) 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес дайындауды қамтамасыз етсін және дайындалған саны туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын хабардар етсін;
2) есептен шығару куәліктерін 2020 жылғы 21 желтоқсаннан кешіктірмей, тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына бөлсін және жіберсін;
3) дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін 2020 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, учаскелік сайлау комиссияларына уақтылы жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.С. Мұстафинаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 15 желтоқсан,
№ 50/379