10.12.2020 |
![]() |
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 28-бабының 3-тармағына және «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/198 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстары өткізілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың назарына жеткізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысу үшін кандидатураларды айқындасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А.Г. Щегорцоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 10 желтоқсан,
№ 47/376