07.12.2020 |
![]() |
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін.
2. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабарды осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
5. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 7 желтоқсан,
№ 45/373