02.12.2020 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Б. Әлтаевтың өкілеттігін тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына, 9-тармағына, «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 30 қарашадағы № SQ-0101-20/4253 хатына және «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылғаны туралы «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 30 қараша,
№ 41/365