20.11.2020 |
![]() |
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 2-1) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы» 2020 жылғы 5 қарашадағы № 38/350 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына жариялансын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 20 қараша,
№ 39/360