20.11.2020 |
![]() |
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті
сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында халықаралық ұйымның байқаушылары қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
2. Халықаралық ұйымының байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А.Г. Щегорцоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 20 қараша,
№ 39/362