08.10.2020 |
![]() |
Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Е.Н.Иманғалиевтің міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2020 жылғы 01 қазандағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есенғазы Нұртөлеуұлы Иманғалиев Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Қарағанды облыстық мәслихаты мен Қарағанды облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 7 қазан
№ 27/330