02.10.2020 |
![]() |
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының
мүшелерін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және А.Т. Жүнісовтің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі және Б.Қ. Бердаулетовтің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі өтініштерінің негізінде өз міндеттерін атқарудан өз еріктерімен босату туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абайбек Талғатұлы Жүнісов пен Бағдат Қамбозұлы Бердаулетов Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихаты мен Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 1 қазан
№ 26/329