17.09.2020 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.А. Смағұловтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 2, 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «А.А. Смағұловты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы» 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 1261-VI ПМ қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Айжарықұлы Смағұловтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. А.А. Смағұловтың Парламент депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшы м.а. |
А. Щегорцова |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 16 қыркүйек
№ 23/325