15.09.2020 |
![]() |
Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарында сайланатын депутаттардың саны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Қалалық мәслихаттарда сайланатын депутаттардың саны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. Аудандық мәслихаттарда сайланатын депутаттардың саны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 11 қыркүйек
№ 21/323
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |