28.08.2020 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 392 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Н.М. Әбдіровті тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 392 «Н.М. Әбдіровті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындау туралы» Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров тіркелсін.
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 28 тамыз
№ 20/322