28.08.2020 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.М. Әбдіровтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 2, 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Н.М. Әбдіровті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындау туралы» 2020 жылғы 28 тамыздағы № 392 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Н.М. Әбдіровтің Парламент депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 28 тамыз
№ 20/321