28.08.2020 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.А. Бекназаровтың өкілеттігін тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Б.А. Бекназаров туралы» 2020 жылғы 28 тамыздағы № 391 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 28 тамыз
№ 20/319