28.08.2020 |
![]() |
2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 10) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 2-тармағына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде 2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мынадай депутаттары тіркелсін:
Ақмола облысынан – Бекенов Нұрлан Жексембайұлы;
Ақтөбе облысынан – Қаниев Бауыржан Нұралыұлы;
Алматы облысынан – Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы;
Атырау облысынан – Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы;
Батыс Қазақстан облысынан – Рысбекова Ләззәт Тұяқбайқызы;
Жамбыл облысынан – Орынбеков Бекболат Серікбекұлы;
Қарағанды облысынан – Ершов Сергей Михайлович;
Қостанай облысынан – Карплюк Сергей Алексеевич;
Қызылорда облысынан – Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы;
Маңғыстау облысынан – Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы;
Павлодар облысынан – Нұхұлы Алтынбек;
Солтүстік Қазақстан облысынан – Перепечина Ольга Валентиновна;
Түркістан облысынан – Бектаев Әли Әбдікәрімұлы;
Шығыс Қазақстан облысынан – Булавкина Ольга Александровна;
Нұр-Сұлтан қаласынан – Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы;
Алматы қаласынан – Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы;
Шымкент қаласынан – Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тіркелген депутаттарына тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 28 тамыз
№ 19/318