07.08.2020 |
![]() |
2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарының сайлауына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында халықаралық ұйымның байқаушылары қосымшаға сай аккредиттелсін.
2. Халықаралық ұйымның байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А.Г. Щегорцоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 7 тамыз
№ 17/315