12.06.2020 |
![]() |
2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10-бабы 5-тармағына, 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерімен бірге өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезеңінде сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 12 маусым
№ 12/307