22.05.2020 |
![]() |
Сайлау учаскелерін түгендеуді жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 10-бабының 5-тармағына, 20-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылғы 1 шілдеге дейін сайлау учаскелерін түгендеуді жүргізсін.
2. Сайлау учаскелерін түгендеуді жүргізу туралы қоса беріліп отырған ұсынымдар бекітілсін.
3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана аумақтық сайлау комиссиялары тиісті әкімдермен бірлесіп:
1) белгіленген мерзімде сайлау учаскелерін түгендеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) түгендеудің нәтижелерін қорытсын және қорытынды ақпаратты белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 2020 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде ұсынсын.
4. Осы қаулы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері мен аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төраға Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшы. С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 22 мамыр
№ 10/304