06.12.2019 |
![]() |
2019 жылғы 22 желтоқсандағы Өзбекстан Республикасы Мәжіліс Олий Заң шығарушылық палатасы депутаттарының сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылғы 22 желтоқсандағы Өзбекстан Республикасы Мәжіліс Олий Заң шығарушылық палатасы депутаттарының сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 6 желтоқсан
№ 53/292