11.11.2019 |
![]() |
2019 жылғы 17 қарашадағы Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдері палатасы депутаттарының сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылғы 17 қарашадағы Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдері палатасы депутаттарының сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төраға Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшы. С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 11 қараша
№ 51/290