29.08.2019 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.М. Иксанованың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Мұстахымқызы Иксанованың орнынан түсуі туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Г.М. Иксанованың Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төраға Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшы. С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 29 тамыз
№ 48/288