20.08.2019 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Н.Әбдіқалықованы тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Nur Оtаn» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі бюросының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 016PQ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының мандаты «Nur Оtаn» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықоваға берілсін.
2. Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықоваға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төраға м.а. К. Петров
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшы. С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 20 тамыз
№ 47/285