21.05.2019 |
![]() |
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйым байқаушысын аккредиттеудің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі Миссиясының 2019 жылғы 11 мамырдағы №10/2019 хатының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 14-4/756 ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі Миссиясының байқаушысы Александр Джон Фолксты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеудің күші жойылсын және куәлігі кері қайтарылсын.
2. «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 6 мамырдағы № 28/262 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген, 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген халықаралық ұйымдар байқаушыларының тізімінде:
«4. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі Миссиясы» бөлімінде реттік нөмірі 40 «7. Alexander Jonh Folkes» деген жол алынып тасталсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларына жеткізілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі З.Х.Баймолдинаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 21 мамыр
№ 35/269