21.05.2019 |
![]() |
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 24 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдері) саны, сайлаушылардың тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса, 12 067 475 (он екі миллион алпыс жеті мың төрт жүз жетпіс бес) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2. Сайлау бюллетенінің мәтіні осы қаулыға 1-қосымшаға сай бекітілсін.
3. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға 2-қосымшаға сай (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
4. Сайлау бюллетеньдері осы қаулының 1-тармағына көрсетілген мөлшерде «Жарқын Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде дайындалсын.
5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі сайлау бюллетеньдерін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларына арнайы байланыспен жеткізуді қамтамасыз етсін.
6. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына 2019 жылғы 6-8 маусым кезеңінде жеткізуді және беруді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ортсайлауком хатшысы С.С. Мұстафинаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 21 мамыр
№ 35/268