06.05.2019 |
![]() |
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Төлеутай Сатайұлы Рақымбековті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін.
2. Төлеутай Сатайұлы Рақымбековке Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 6 мамыр
№ 28/261