30.04.2019 |
![]() |
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 56-бабының 2-тармағына және 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылған талаптарға сәйкес екені анықталсын.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының сайлау комиссиялары Әміржан Сағидрахманұлы Қосановқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтарын берсін.
3. Осы қаулы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына орындау үшін жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 30 сәуір
№ 22/255