26.04.2019 |
![]() |
Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12-бабы 13) тармақшасына, 69-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 4-тармағына және 83-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2019 жылғы 24 маусымға тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2019 жылғы 24 маусымға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 26 сәуір
№ 18/250