26.04.2019 |
![]() |
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 24 хатының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Мұратбек Бегайдарұлы Зейнуллин тағайындалсын.
2. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 26 сәуір
№ 17/246