26.04.2019 |
![]() |
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесін міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Р.М. Елубаевтың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2019 жылғы 12 сәуірдегі өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рүстем Мұқашұлы Елубаев Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 26 сәуір
№ 17/245