15.04.2019 |
![]() |
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында қол қою парақтарын тексеру барысында сайлаушылардың қолдарын жалған деп тану негіздері жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 12-бабының 1), 2) тармақшаларына, 56-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қол қою парақтарында:
1) қол қою парағына сай сайлаушылардың деректері толық болмаған кезде;
2) қарындашпен қойылған;
3) түзету немесе өзге де бұрмалау іздері бар;
4) сайлаушы атынан басқа адамдар қойған;
5) нақты кандидат үшін қол қою парақтарында бір адам бір реттен артық қойған;
6) бір адам бірнеше адам үшін қойған;
7) қайтыс болған адамдар үшін қойған;
8) белсенді сайлау құқығы жоқ адам қойған;
9) өзі қойған қолын кері қайтарып алушы сайлаушының жазбаша өтініші болған кезде сайлаушылардың қолдарын жалған деп тану ұсынылады.
2. Аумақтық сайлау комиссиясы, егер қол заңнама талаптарын бұза отырып алынғаны анықталатын болса, өзге жағдайларда да сайлаушының қолын жалған деп тануы мүмкін.
3. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 15 сәуір
№ 13/239