15.04.2019 |
![]() |
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа қол қою парақтарын беру және оны қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру мерзімдерін қысқарту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 12-бабының 2) тармақшасына, 14-бабының 2) тармақшасына, 56 және 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары оны Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде берілетін болып белгіленсін.
2. Аумақтық сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдардың растығын тексеру мерзімі күнтізбелік он күннен бес күнге дейін қысқартылсын.
3. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 15 сәуір
№ 13/238