15.04.2019 |
![]() |
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қол қою парақтарын дайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 12-бабының 1) және 6) тармақшаларына, 56-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны Қазақстан Республикасы сайлаушы азаматтарының Бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес сайлаушылардың жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 118 140 қол санында белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі қол қою парақтарын бір орталықтан дайындасын және Қазақстан Республикасының Президенттігіне әрбір кандидатты олардың қажетті санымен қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.С. Мұстафинаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 15 сәуір
№ 13/237