10.04.2019 |
![]() |
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлаушылардың тізімі (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парағы (2-қосымша);
3) азаматтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші (3-қосымша);
4) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (4-қосымша);
5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (5-қосымша);
6) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (6-қосымша);
7) аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясының дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың өзге уақытын белгілеу туралы шешімі (7-қосымша);
8) аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясының дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы шешімі (8-қосымша);
9) учаскелік сайлау комиссиясының сайлау учаскесін ашу туралы хаттамасы (9-қосымша);
10) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (10-қосымша);
11) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы дауыстарды санау туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (11-қосымша);
12) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (12-қосымша);
13) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі (13-қосымша);
14) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сенім білдірген адамының куәлігі (14-қосымша);
15) шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның халықаралық байқаушысының куәлігі (15-қосымша);
16) № 1 хабар (16-қосымша);
17) № 2 хабар (17-қосымша);
18) № 3 хабар (18-қосымша).
2. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республиканың астанасының сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 10 сәуір
№ 10/233