20.03.2019 |
![]() |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 887 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2015 жылғы 26 сәуірде жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында бес жыл мерзімге сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Астана қаласы,
2019 жылғы 20 наурыз
№ 9/229