19.03.2019 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 883 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 883 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Қайрат Пернешұлы Қожамжаров тіркелсін.
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Астана қаласы,
2019 жылғы 19 наурыз
№ 8/228