18.03.2019 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Д.А. Сатыбалдының өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 875 Жарлығына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Д.А. Сатыбалдының Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төраға м.а. К. Петров
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Астана қаласы,
2019 жылғы 18 наурыз
№ 7/227