21.02.2019 |
![]() |
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау заңнамасының негіздері мен Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауын өткізу кезінде және сайлау процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін оқыту мақсатындағы оқу-әдістемелік кешендерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау заңнамасының негіздері мен Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауын өткізу кезінде сайлау процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін оқыту мақсатындағы оқу-әдістемелік кешендер осы қаулының 1 және 2- қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Астана қаласы,
2019 жылғы 7 ақпан
№2/221