14.02.2019 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық – әдістемелік кеңес жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссияның 2018 жылғы 24 мамырдағы № 7/184 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық – әдістемелік кеңес жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 7/184 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық–әдістемелік кеңес жөніндегі ережеге 2–қосымша қаулыға қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Астана қаласы,
2019 жылғы 14 ақпан
№4/224