12.02.2019 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Б. Әлтаевты тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі бюросының 2019 жылғы 12 ақпандағы № 003PQ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевқа берілсін.
2. Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшы м.а. Л. Сүлеймен
Астана қаласы,
2019 жылғы 12 ақпан
№ 2/223