11.02.2019 |
![]() |
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 4/152 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Регламенті осы қаулыға қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі осы қаулы қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде оның Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Астана қаласы,
2019 жылғы 7 ақпан
№2/220