29.01.2019 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Ж. Сәпиевтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Жұманғалиұлы Сәпиевтің орнынан түсуі туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. С.Ж. Сәпиевтің Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Астана қаласы,
2019 жылғы 29 қаңтар
№ 1/218