29.11.2018 |
![]() |
Шымкент қаласы аудандық аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық маңызы бар Шымкент қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссиялары құрылсын:
1) Абай ауданы;
2) Әл-Фараби ауданы;
3) Еңбекші ауданы;
4) Қаратау ауданы.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Хатшы м.а. Л. Сүлеймен
Астана қаласы,
2018 жылғы 29 қараша
№ 22/216